Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде жариялаған астарлы жазбасымен оқырмандардың назарын аударды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Өнер иесі жеке парақшасында қысқа ғана жазба жариялап, онда: «Әуелі төсек, сосын бесік тербеледі», – деп жазған.
Әншінің бұл сөзінен кейін желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. Бірі жазбаның астарында не жатқанын болжауға тырысса, енді бірі өнер иесінің сөзіне әзілмен жауап берген.
«Телефонын алып қоясыз ба ағаның», «Күз ешкімді аямады», «Өзіңдей Қайратқа қарашы», «Әңгімесі төсектің айналасында екен ғой», «Ұят болды не болса да», – деп жазды оқырмандар.
Әзірге Төреғали Төреәлінің бұл жазба арқылы нақты нені меңзегені белгісіз. Әншінің өзі де жарияланымына қатысты қосымша түсініктеме бермеген.