Танымал продюсер, әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова атышулы Бағдагүл емшінің Шымкенттегі концертке қатысты пікіріне наразылық білдірді,, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Продюсердің айтуынша, Бағдагүл әлеуметтік желідегі парақшасында концерттегі оқиғаға қатысты орынсыз пікір айтып, жалған ақпарат таратқан.
«Бағдагүл сын айтумен де, адам өлімі болды деп ақпарат таратумен де болды. Одан бөлек, «жалмауыз» деп балағат сөздермен видеоны сторисіне салуы – тым артық! Басына тимейді екен, біреуді қаралаумен, мазақ қылумен, өсекке тоймады-ау», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Еске салайық, Қайрат Нұртастың Шымкентте өткен концерті әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Адамның көптігінен түрлі келеңсіздік туындап, 18 жастағы қыз ауруханаға түскен.
Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, концертті ұйымдастырған ер адам қамауға алынды.