Қазақстандық блогер Эльмира Толегенова күйеуі Ерболат Жанәбіловпен ажырасып жатқанын мәлімдеді. Бұған дейін ол әлеуметтік желідегі парақшасында алаңдатарлық жазба жариялап, кейін оқырмандарына жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Блогердің айтуынша, ерлі-зайыптылар арасында төбелес немесе күш көрсету оқиғасы болмаған. Оның сөзінше, Ерболат Жанабылов екінші телефонын алып қоймақ болған кезде ол киім бөлмесіне тығылып қалған.
«Арамызда қазір кейбіреулер айтып жүргендей төбелес болған жоқ. Бұл күш көрсету оқиғасы емес», – деді Эльмира Төлегенова.
Ол әлеуметтік желідегі жазбаларын жұрттың назарын аудару немесе хайп жасау мақсатында жарияламағанын атап өтті. Блогердің айтуынша, болған жағдайды көпшілікке жариялауды бастапқыда қаламаған. Қазір ерлі-зайыптылар ажырасу үстінде.
Сондай-ақ Эльмира Төлегенова блог жүргізуден ұзақ уақытқа үзіліс алуы мүмкін екенін айтты.
Полиция не дейді
Астана қалалық полиция департаменті блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова арасындағы жанжалға қатысты түсініктеме берді.
Полиция мәліметінше, 22:22 шамасында әлеуметтік желілердегі жазбалардан кейін полицияға жанжал туралы хабар түскен. Оқиға орнына барған қызметкерлер ерлі-зайыптылар арасында сөзге келіспеушілік болғанын анықтаған.
Жанжал кезінде Ерболат Жанәбілов әйелінің телефонын алып, оның әлеуметтік желідегі стористерін өшірген. Осы оқиғадан кейін оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Ал Эльмира Төлегенова полицияға шара қолданбау туралы өтініш жазған. Медициналық куәландыру нәтижесінде оның алкогольдік ішімдік ішпегені анықталды. Полиция қызметкерлері блогермен профилактикалық әңгіме жүргізген.
Блогерлер Ерболат Жанәбілов пен әйелі Эльмира Төлегенованың ісі
2026 жылғы 27 сәуірде Астана қылмыстық соты блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға үкім шығарды. Олар Қылмыстық кодекстің 214-бабы («Заңсыз кәсіпкерлік») және 218-бабы («Қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын заңдастыру») бойынша кінәлі деп танылды.
Тергеу нұсқасы бойынша, ерлі-зайыптылар онлайн-курстар сатып, оның аясында автокөлік пен басқа да бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындарын ұйымдастырған. Жүлде қоры қатысушылардан түскен қаражат есебінен қалыптастырылған деп көрсетілген. Іс бойынша келтірілген залал 247,6 млн теңге деп бағаланып, бұл сома толық өтелген.
Сот Ерболат Жанабыловқа 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын шартты түрде тағайындап, пробациялық бақылау белгіледі. Ал Эльмира Төлегеноваға 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, оны ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтеу белгіленді. Алайда оның кәмелетке толмаған үш баласы болғандықтан, жазаны өтеу 2 жылға кейінге қалдырылды. Екі блогердің де мүлкі тәркіленді.