Мәзір

Ақтауда танымал блогер ұсталды

Ақтауда танымал блогер ұсталды Ақтауда танымал блогер ұсталды
ашық дереккөз

Маңғыстау облысында Instagram арқылы ыдыс-аяқ пен тұрмыстық техниканы жарнамалаған блогер және тауарларды сатқан жеке кәсіпкер ұсталды. Тергеу нұсқасына сәйкес, сатып алушылар ақшасын аударғанымен, тапсырыстары жеткізілмеген, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Сатып алушылар ақшасын аударған, бірақ тауарларын алмаған

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жеке кәсіпкер Instagram желісінде ыдыс-аяқ пен тұрмыстық техниканы сату туралы жарнамалар жариялаған. Өнімдерді көпшілікке таныту үшін ол танымал блогермен жұмыс істеген.

Жарнаманы көрген оқырмандар сатушымен байланысып, тауарлардың ақысын жеке кәсіпкердің есепшотына аударған. Алайда тапсырыстарын ала алмаған. Тергеу нұсқасы бойынша, түскен ақша жеке мақсатқа жұмсалған.

Құқық қорғау органдары осы іске байланысты бірнеше жәбірленушіні анықтаған. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция тауар сатушы кәсіпкер мен оның өнімдерін жарнамалаған блогердің ұсталғанын хабарлады.

Қазір тергеушілер істің мән-жайын анықтап, басқа да зардап шеккен азаматтардың бар-жоғын тексеріп жатыр. Әзірге полиция келтірілген шығынның жалпы сомасы мен жәбірленушілердің нақты санын жариялаған жоқ.

Ұсталған блогер кім?

Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев ұсталған азаматтың Instagram желісінде 360 мыңнан астам оқырманы бар Салтанат Аманқосова болуы мүмкін екенін әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, полицияға үш адам арызданған. Сондай-ақ Сәрсенбаев блогер сатып алушыларға ақшаларын қайтарып бергенін айтады.

Салтанат Аманқосова әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты жазбалар жариялап, бірнеше жобаның амбассадоры ретінде танылған.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2