Шымкентте ер адамның өліміне байланысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, жанжал кезінде оған әйелі пышақ сұққан болуы мүмкін, деп хабарлайды buginmedia.kz «Жетінші арнаға» сілтеме жасап.
Көршілерінің айтуынша, ерлі-зайыпты пәтер жалдап тұрған. Олардың кәмелетке толмаған екі баласы бар. Көршілері отбасында бұған дейін жанжал болғанын байқамаған.
«Бұған дейін ешқандай ұрыс-керіс болғанын естіген де, көрген де жоқпыз», – дейді олар.
Қазіргі уақытта күдікті әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.