Актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желіде өзінің шамына тиген психолог Шолпан Есмағанбетованы жерден алып жерге салды. Ол алдағы уақытта психологтың өз сөздері үшін жауап беретінін айтты., деп хабарлайды buginmedia.kz.
Психолог Шолпан Есмағанбетова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың тойына қатысты видеожазба жариялады. Видеода психолог әртістердің жеке басына тиетін сөздер айтып, желі қолданушылары мен Дариғаның өзін ашуландырып қойды.
“Тойымызға оралайық. Той қалай өтті? Масштаб қайда? Шіріген байлық қайды? Ең болмағанда Ургант қайда? Айтпақшы беташар болды ма? Болмады ма? Енді ұялған шығар. Оларға бұл некенің қажеті қанша? Оларда онсыз да атақ та, ақша, жобалар, секс, құштарлық, бәрі болды. Басқа не керек? Бұдан да керемет болу керек пе еді? Сондай-ақ құлпырып, жарқ-жұрқ еткен Дариға – белдемше киген сусиыр. Ачау, Очау әлде Очоу, мен сол күйі түсінбедім. Неге мұндай лақапат қойған? Бұл қай тілде? Ол ішіп, боқ-боқ болып жатқан еді. Құлдырау. Дәл осы сәтте Дариға келді. Ол өзінің бақыт құсын осылайша қолына қондырды”, – деп видеосынан үзінді жариялады психолог.
Ал психологтың оқырмандары мұны талдау деп қабылдады. Әртіс өз жауабын көп күттірмеді. Қазір киномен шапқылап жүргенін, алдағы уақытта психологтың сазайын беретінін айтты.