Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Мәзір

Алдағы күндері Қазақстанда ауа температурасы 25 градусқа дейін көтеріледі

Алдағы күндері Қазақстанда ауа температурасы 25 градусқа дейін көтеріледі Алдағы күндері Қазақстанда ауа температурасы 25 градусқа дейін көтеріледі
ашық дереккөз

"Қазгидромет" РМК  24–26 қарашаға ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы солтүстік-батыс циклондар сериясы өтеді. Соның әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. 24 қарашада Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысының жекелеген аудандарында қатты жауын-шашын болжанады. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ құбылыстары күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі мен тұман болжанады.

Ауа температурасы фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 26 қарашаға қарай күндізгі ауа температурасы қолайлы +15+25°С-қа дейін жоғарылайды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2