Мәзір

«Неге намысқа беріліп секірдің?»: Каспийде қаза тапқан сарбаздың досы жазба жариялады

«Неге намысқа беріліп секірдің?»: Каспийде қаза тапқан сарбаздың досы жазба жариялады «Неге намысқа беріліп секірдің?»: Каспийде қаза тапқан сарбаздың досы жазба жариялады
ашық дереккөз

Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза болған сарбаз Олжас Мұхтарұлының жақын досы әлеуметтік желіде марқұмға арналған жазбасын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Досы жазбасында Олжастың мінезін, білім жолын және елге қызмет еткен жылдарын еске алған. Оның айтуынша, марқұм сегіз жыл білім алып, оқуын қызыл дипломмен аяқтап, аға лейтенант шенін алған.

Ол Олжасты қиындықты бірге еңсерген, бір нанды бөлісіп жеген жақын бауыры ретінде сипаттаған.

«Темірдей мінезді, ақжарқын, қайсар, намысшыл досым, жаным бауырым. Асқақтаған арманың мен мақсаттарың көп еді. Судан қорқатыныңды біле тұра, неге намысқа беріліп секірдің, досым? Сенің енді арамызда жоқ екеніңе әлі де сенгім келмейді. Неге ерте кеттің, бауырым?», – деп жазды ол.

Жазба авторы марқұммен бірге жүзеге асыруды жоспарлаған істері көп болғанын айтып, оның елге деген жанашырлығын ерекше атап өткен.

«Сенің елге деген жанашырлығың, ұлтыңды арыңнан биік қоятының барлығына үлгі еді. Еліңе адал қызмет еттің, өз міндетіңді абыроймен атқардың, досым. Сен менің мәңгі жүрегімдесің», – деді ол.

Соңында марқұмның досы Олжастың жасаған жақсылығы қабыл болып, жаны жәннатта болсын деген тілек білдірді.

Еске салайық, Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметші қаза тапқаны ресми түрде хабарланған еді. Каспийде қаза тапқан сарбаздың егізі әсерлі жазба жариялаған еді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2