25 қыркүйекте Каспий теңізінде іздестіру-құтқару операциясы аяқталды. Сағат 09:15 шамасында жоғалған сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денелері табылды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Қайғылы оқиға оқу-жауынгерлік міндетті орындау кезінде ауа райының күрт нашарлауынан болған. Теңізге 17 әскери қызметші түсіп кеткен. Оның үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметші қаза тапты.
Қорғаныс министрлігі қаза болғандардың отбасыларына материалдық және психологиялық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Қарулы күштерінің басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Каспийдегі қайғылы оқиға
24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген. Соның салдарынан әскери қызметшілердің бір тобы теңізге батып кеткен.
Нақтылаған мәлімет бойынша, суға 17 адам түскен. Оның 12-сі қаза тапты, үшеуі құтқарылды,.
Қайғылы оқиғадан кейін кінәлі тұлғалар анықталды.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылды.
Кейінірек Маңғыстауда қаза тапқан 12 әскери қызметшінің аты-жөні жарияланды.