Мәзір

Сыртқы істер министрлігі 14 сарбаз Қазақстан елшілігіне жеткізіледі деген ақпаратқа пікір білдірді

Сыртқы істер министрлігі 14 сарбаз Қазақстан елшілігіне жеткізіледі деген ақпаратқа пікір білдірді Сыртқы істер министрлігі 14 сарбаз Қазақстан елшілігіне жеткізіледі деген ақпаратқа пікір білдірді
ашық дереккөз

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ресейдегі соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандықты 8 қазанда Қазақстанның елшілігіне жеткізеді деген ақпаратты растаған жоқ, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Бұған дейін олардың туыстарының мүддесін қорғап жүрген адвокат Мейірман Шекеев алғашқы 14 азаматты Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне жеткізу жоспарланғанын хабарлаған еді.

Алайда СІМ бұл мәліметті тексерілмеген ақпарат деп атады.

«Біз бұл тақырыптың қоғам үшін, әсіресе азаматтарымыздың туыстары үшін қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Сондықтан тексерілмеген ақпарат таратуға жол берілмеуі керек. Бұл жақындарынан хабар күтіп отырған отбасыларды адастырып, жалған үміт тудырады және азаматтарды қорғау бойынша министрліктің жұмысына қиындық келтіруі мүмкін», – деп мәлімдеді ведомство.

Министрлік Ресей тарапымен келіссөздердің жалғасып жатқанын хабарлады. Әр азамат бойынша ақпарат тексеріліп, тексеру аяқталғаннан кейін қазақстандықтардың тізімі Ресей тарапына жіберілмек.

«Министрлік Ресей тарапымен әртүрлі деңгейде өзара іс-қимылды жалғастыруда. Мәселе тұрақты бақылауда. Жұмыс нәтижесі туралы СІМ қосымша хабарлайды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл туралы майдан аймағында жүрген қазақстандық Айнабек Келдібектің әпкесі Сымбат Еркінбек мәлімдеген еді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2