Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға бірнеше минут бұрын болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қыз көпқабатты үйдің жоғары қабатынан құлаған.
Оқиға куәгерінің сөзінше, қыз подъезд алдында тұрған бала арбасына түскен. Арбада бала болған.
«Сол кезде балконда тұрған едім. Жоғарыдан адам құлады. Ол подъезд алдында тұрған баланың арбасына тура түсті. Соққыдан арба майысып қалды», – деді куәгер.
Оқиғаның мән-жайы және зардап шеккендердің жағдайы әзірге нақтыланған жоқ.
Баланың қазіргі жағдайы әзірге белгісіз. Жергілікті тұрғынның айтуынша, бала ес-түссіз жатыр. Қазір оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері келген. Олар қыз құлады деген пәтердің иесімен телефон арқылы байланысқан.
Жергілікті тұрғындардың сөзінше, оқиғадан кейін пәтердің терезесінен ер адамның басын шығарғанын көрген. Алдын ала мәлімет бойынша, ол әлі де пәтердің ішінде болуы мүмкін.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.