Мәзір

"6 жыл бойы балаларға сексуалды қысым көрсетті": Исматулла Мақсұм жайлы тараған деректерден кейін тергеу басталды

"6 жыл бойы балаларға сексуалды қысым көрсетті": Исматулла Мақсұм жайлы тараған деректерден кейін тергеу басталды "6 жыл бойы балаларға сексуалды қысым көрсетті": Исматулла Мақсұм жайлы тараған деректерден кейін тергеу басталды
Фото: видеодан алынды

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі сопылық зікіршілер жамағатының жетекшісі Исматулла Мақсұмға қатысты тараған мәлімдемелер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен YouTube платформасында жарияланған сұхбаттарда Исматулла Мақсұмға кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қиянат жасады деген айыптаулар айтылған. Бұл мәлімдемелер қоғамда қызу талқыланды.

ІІМ мәліметінше, жарияланымдарда келтірілген ақпарат тексеріліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

«Жарияланымдағы деректерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның аясында барлық мән-жайлар тексерілетін болады. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – делінген министрліктің жауабында.

Қазіргі уақытта тергеудің нақты қай бап бойынша жүргізіліп жатқаны және іске қатысты тұлғалардың процессуалдық мәртебесі туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Даудың туындауына не себеп болды?

Бұл жағдайға Ақылбек Жұмабековтің журналист Жанар Байсемізге берген сұхбаты себеп болған. Сұхбатта ол діни жетекшіге қатысты ауыр айыптаулар айтып, жамағат ішіндегі мұндай жағдайлар туралы бұрыннан хабардар болған адамдардың бұл жөнінде ашық айтуға батпағанын мәлімдеген.

Осыған ұқсас айыптаулар бұған дейін белсенді Абзал Достияровтың YouTube арнасындағы сұхбатта да айтылған.

Аталған мәлімдемелерден кейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арнайы түсініктеме берді. Мүфтият Исматулла Мақсұм мен сөз болып отырған жамағаттың Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2