Мәзір
Бүгін, 08:21 / BuginMedia / Жаңалықтар

11 қыркүйекте Қазақстанның солтүстігінде үсік жүреді

Синоптиктер Қазақстандағы 11 қыркүйектегі ауа райын болжады,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

11 қыркүйекте Қазақстанның солтүстігінде үсік жүреді 11 қыркүйекте Қазақстанның солтүстігінде үсік жүреді
novvedomosti.ru

11 қыркүйек, жұма күні Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінде күн суытады. Ал елдің оңтүстігінде жылы ауа райы сақталады.

Синоптиктердің болжамынша, ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшеюі мүмкін. Бұған солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді.

Солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде ауа температурасы +13…+23 °С, орталықта +15…+25 °С шамасында болады.

Батыс өңірлерде циклон өткеннен кейін жауын-шашын біртіндеп бәсеңдеп, ауа температурасы +20…+28 °С-қа дейін көтеріледі.

Ал Қазақстанның оңтүстік-шығысында жылы ауа райы сақталады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2