Мәзір
Бүгін, 20:08 / BuginMedia / Жаңалықтар

Еркебұлан Тоқтар балағат сөз айтқаны үшін жазаланды

Танымал ММА файтері Еркебұлан Тоқтар балағат сөз айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды buginmedia.kz Алматы прокуратурасына сілтеме жасап.

Еркебұлан Тоқтар балағат сөз айтқаны үшін жазаланды Еркебұлан Тоқтар балағат сөз айтқаны үшін жазаланды
Фото: instagram.com/erkebulan_toktar

Ведомствоның мәліметінше, прокуратура қызметкерлері әлеуметтік желілерді мониторингтеу кезінде спортшының балағат сөздер айтқан видеосын анықтаған.

Іс материалдарын Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қараған. Сот Еркебұлан Тоқтарды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша кінәлі деп таныған.

Сот Еркебұлан Тоқтарға 20 АЕК, яғни 2026 жылы 86 500 теңге көлемінде айыппұл салған.

Алматы қаласының прокуратурасы бұл жағдайға байланысты адамның көпшілікке танымал болуы оны жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтті.

Еркебұлан Тоқтар – актер әрі файтер. Ол ұзақ уақыт поп-ММА жарыстарына қатысып, кейін кәсіби ММА-ге ауысқан. Оның спорттағы рекорды – 11 жеңіс және 3 жеңіліс.

2025 жылдың желтоқсанында спортшы бокс ережесі бойынша алғашқы жекпе-жегін өткізіп, қарсыласын бірінші раундта нокаутпен жеңген.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2