Мәзір
Бүгін, 13:55 / BuginMedia / Мәдениет

«Қазақты жабайы, каннибал халық қылып көрсеткен»: «Ер Төстік» мультфильмінен дау шықты

Белгілі заңгер Абзал Құспан «Ер Төстік» ертегісі желісімен түсірілген мультфильмге қатысты әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

"Қазақты жабайы, каннибал халық қылып көрсеткен": «Ер Төстік» мультфильмінен дау шықты "Қазақты жабайы, каннибал халық қылып көрсеткен": «Ер Төстік» мультфильмінен дау шықты
видеодан алынды

Оның айтуынша, белгілі кинорежиссер, Қазақстанның Халық әртісі Талғат Теменов «Azia Animation» студиясы түсірген мультфильмге наразылық білдірген. Абзал Құспанның жазуынша, мультфильмде Ерназардың жау шапқан ауылдан бесіктегі баланы тауып алып, оны «балпанақтай, семіз екен» деп тамақ ретінде қарастыратын көрініс көрсетілген.

«Қазақты жабайы, каннибал халық қылып көрсету Артур Краус мырзаға не үшін қажет болды?» – деп жазды ол.

Ол мұндай көріністің балаларға арналған мультфильмде көрсетілуі дұрыс емес екенін атап өтті.

Абзал Құспанның сөзінше, қазақтың дәстүрлі «Ер Төстік» ертегісінде мұндай оқиға жоқ. Ертегінің белгілі нұсқаларында Ер Төстіктің дүниеге келуі кер биенің төстігіне байланысты баяндалады.

Заңгер осы мәселеге байланысты Талғат Теменовтің өтініші бойынша тиісті хат дайындалғанын,  азаматтар мәселені қолдаса, аты-жөндерін жазуға шақырды. Абзал Құспан бұл мәселені тиісті органдардың алдына қойып, соңына дейін жеткізуге тырысатынын мәлімдеді.

"Ұзын-сөздің қысқасы, осы мәселеге байланысты Талғат ағамыздың өтініші бойынша су жаңа Мәдениет министрі Арман Қырықбаев мырзаға хат дайындадым. Хат мәтіні төменде. Оқып, танысысқан соң қолдаймын десеңіздер, төменге аты-жөндеріңізді жазыңыздар. Біз өз кезегімізде бұл мәселені жерге қалдырмай, тиісті органдардың алдына қойып, аяғына дейін жеткізуге тырысамыз", - деп жазды ол.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2