Ол соңғы 15 жыл бойы өзі теріс діни ағымдар деп санайтын топтармен күресіп келе жатқанын айтып, олардың қоғамға ықпалына алаңдаушылық білдірді.
Орынбек әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне тоқталып, кейбір діни уағыздардың әйелдерді төмендететін көзқарастарды қалыптастыруы мүмкін екенін сынға алды.
«Өліп жатқан әйелдердің бәріне сендер кінәлісіңдер!» — деп жазды ол.
Заңгер бұған дейін өзін теріс діни ағымдарға қарсы шыққаны үшін «діннің дұшпаны» деп айыптағандар болғанын да еске алды.
Оның айтуынша, бүгінде кейбір адамдар бұрынғы көзқарастарын өзгерткендей көрінгенімен, олардың бұған дейін айтқан пікірлері ұмытылмауы керек.
«Бізде сәләфилер мен уахабиттер қайта күшейіп жатыр. Қазір маска киіп, сахнаға қайта шыға бастады», — деді Орынбек.
Сондай-ақ ол әйелдердің қауіпсіздігі мәселесін тек гендерлік мәселе емес, ұлттық қауіпсіздікпен байланысты проблема ретінде бағалады.
«Бұлар әйелді ғана жоймайды. Бұлар отбасын жояды. Отбасымен бірге ұлтты жояды. Өйткені ұрпақ көбейтетін, бала тәрбиелейтін әйел жойылса, ұлттың өзі жойылады! Сондықтан бұл жай ғана әйел мәселесі емес. БҰЛ — ҰЛТТЫҢ МӘСЕЛЕСІ!» — деп жазды заңгер.