Мәзір

"Жататын орнымызды жарып кетті, 2 адам мерт болды": заңгер Ресейдегі қазақ жігіттері туралы

"Жататын орнымызды жарып кетті, 2 адам мерт болды": заңгер Ресейдегі қазақ жігіттері туралы "Жататын орнымызды жарып кетті, 2 адам мерт болды": заңгер Ресейдегі қазақ жігіттері туралы
ашық дереккөз

Белгілі заңгер Мейірман Шекеев Ресейде соғысқа атттандырғалы жатыр деген қазақ жігітінің өтінішінен кейін Астанаға жол тартқанын айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Заңгерге жолдаған видеосында жігіт жағдайларынығң күннен күнге нашарлап бара жатқанын айтады.

"Жататын орнымызды жарып кетті. Жағдайымыз қиындап кетті аға. Балалар тағы ұрады деп айтып жатыр", - дейді жігіт видеода.

Осы видеоның өзіне жақында келгенін айтқан заңгер құзырлы органдардан бір жауап алу үшін Астанаға келе жатқанын айтады.

"Қашанғы қол қусырып отыра береміз. Қалай жаның ауырмайды. Біздің сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарды соғыс аймағынан қайтаруға келісімге қол қойылғанын айтты. Бірақ, іс жүзінде ештеңе істеліп жатқан жоқ. Осыны анықтау үшін мен Астанаға жол тарттым. Бала ауырса, ана өлгенмен бірдей. Бала қиналса, ана жұмақта болса да шырылдайды. Осы аналардың уайымын басу үшін және бүкіл қазақ халқы алаңдап отырған оқиғаға жауап беру үшін құзырлы органдарға жауабын алу үшін кетіп барамын. Амалсыздықтан Ресей президентіне де үндеу жолдадым. Қол қусырып отыру Маңғыстаудағы 14 сарбаздың өлімімен келіскенмен бірдей. Тағы 14 азаматымыз кезекте тұр. Тарих біздің қателігімізді кешірмейді", - деді заңгер. 

Айта кетейік, бұған дейін Ресейде жүрген қазақ жігіттері елден көмек сұрағанын жазған едік.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2