Бұған дейін марқұмның туыстары оқиғаға қатысты пікір білдірген еді. Енді күдікке ілінген әйелдің жақындары да өздеріне белгілі жайттарды айтып, жағдайға қатысты көзқарасын білдірді.
Әйелдің сіңлісі журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында әпкесі мен марқұмның арасындағы қарым-қатынас күрделі болғанын айтты.
«Ұлдарын таңға дейін ұрған. Әйелін де ұратын. Оны өзі видеоға түсіріп алатын болған. Оны әпкем айтты. Әпкем қанша кетіп қалса да, күйеуі келіп алып кететін. Білмеймін, қорқыта ма, не үшін кететінін түсінбейтінбіз», – деді ол.
Күдіктінің туыстары істің барлық мән-жайы жан-жақты зерттелуі қажет деп санайды. Олардың айтуынша, тергеу аяқталмай тұрып, оқиғаға қатысты біржақты қорытынды жасауға болмайды.
Қазір құқық қорғау органдары істің мән-жайын анықтап жатыр. Әйелдің марқұмның өліміне қатысы бары әзірге сотпен дәлелденген жоқ.