Мәзір

Есірткі іздеген полицейлер қызметтік көлікті жүргізген әріптесін ұстады

Есірткі іздеген полицейлер қызметтік көлікті жүргізген әріптесін ұстады Есірткі іздеген полицейлер қызметтік көлікті жүргізген әріптесін ұстады
видеодан алынды

Шымкентте есірткіге қатысты тергеу барысында қызметтік көлікті басқарған полиция қызметкері анықталды. Автокөлікті тінту кезінде одан шамамен 3 грамм мефедрон табылған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Журналист Михаил Козачковтың жазуынша, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мемлекеттік нөмірі жоқ Kia көлігін тоқтатпақ болған. Алайда жүргізуші полиция көлігіне соғылып, оқиға орнынан қашуға тырысқан.

Көлікті арнайы жасақтың көмегімен тоқтатқан. Рөлде Шымкент қаласы Еңбекші аудандық полиция басқармасының қызметкері болған. Салонда одан бөлек екі адам отырған.

Козачковтың мәліметінше, Kia аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасарына бекітілген қызметтік көлік болып шыққан.

Автокөлікті тінту кезінде қара таспаға оралған пакет табылған. Сараптама оның ішінде шамамен 3 грамм мефедрон барын анықтаған.

Полиция не дейді?

Шымкент қаласының полиция департаменті есірткіні заңсыз сақтау дерегі анықталғанын растады.

Ведомствоның мәліметінше, көлікте азаматтық тұлғалармен бірге аудандық полиция бөлімшелерінің бірінің қызметкері болған.

«Аталған қызметкер теріс себептермен ішкі істер органдарынан шығарылды», – деп хабарлады полиция департаменті.

Қазір осы дерек бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұрынғы қызметкердің әрекетіне құқықтық баға берілмек. Тергеу мүддесіне байланысты полиция өзге ақпаратты жарияламады.

Михаил Козачковтың хабарлауынша, қылмыстық іс лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану және есірткіні өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау баптары бойынша тергеліп жатыр.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2