Мәзір

Ақтөбеде әйелді қатыгездікпен өлтірген сәт видеоға түсіп қалған

Ақтөбеде әйелді қатыгездікпен өлтірген сәт видеоға түсіп қалған Ақтөбеде әйелді қатыгездікпен өлтірген сәт видеоға түсіп қалған
Фото: видеодан алынды

Ақтөбе қаласында әйелді өлтірді деген күдікпен Атырау қаласының 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұл туралы Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Шалхаров мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Полицияның мәліметінше, күдікті мен марқұм бұрын таныс болған. Алдын ала болжам бойынша, екеуінің арасында жанжал туындап, ер адам әйелге пышақ жарақатын салған. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы мен қылмысқа түрткі болған себептер анықталып жатыр. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2