Оның сөзінше, Айару үшін жігіттің ағылшын тілін меңгеруі маңызды. Продюсер мұны қызының талаптарының ең төменгі деңгейі екенін атап өтті.
«Айару ағылшынша сөйлей алмайтын жігітпен қарым-қатынас құрмайды. Бұл оның ең төменгі талабы. Ал ең жоғарғы талабы – Толстой мен Достоевскийдің шығармаларын оқыған болуы. Айару өте білімді қыз. Сонымен қатар жігіт гольф ойнай алуы және шаңғы тебе білуі керек. Қызым өзі не білсе, жігіт те соны білуі тиіс», – деді Баян Алагөзова.