Мәзір
Бүгін, 10:06 / BuginMedia / Жаңалықтар

«Зауытты тартып алды»: Баян Алагөзова Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі туралы құпияны ашты

Продюсер Баян Алагөзова жаңа сұхбатында жұбайы Тұрсын Алагөзовтің кәсіпкерлік жолындағы қиын кезеңдер туралы айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Зауытты тартып алды»: Баян Алагөзова Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі туралы құпияны ашты «Зауытты тартып алды»: Баян Алагөзова Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі туралы құпияны ашты
Фото: khabar.kz

Журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында ол Тұрсын Алагөзовтің бизнесінде қиындықтар болған кезде кейбір адамдардың одан теріс айналғанын жеткізді.

«Ол сәтте оған өте көп адам сатқындық жасады, теріс айналды. Қазір аты-жөндерін атағым келмейді, бұл менің шаруам емес әрі бұл әдепсіздік болар еді. Дегенмен, оның жанында соңына дейін адал болып қалған адамдар да бар, олар қазір де бірге. Сонымен қатар сатып кеткендер де аз болмады. Осының бәрі көз алдымда өтті», – деді Баян Алагөзова.

Продюсер Тұрсын Алагөзовке тиесілі зауытқа қатысты бірнеше жылға созылған дауға да тоқталды. Оның айтуынша, кәсіпорынның меншік құқығына қатысты мәселе сотта қаралған.

Алагөзованың сөзінше, зауыт бұрынғы иесінен заңсыз алынған. Осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, сот шешімі шыққанын айтты.

«Гүлмира зауытты сатып алған жоқ, тартып алды. Егер сатып алған болса, қазір түрмеде отырмас еді. Ол қазір тек біздің іс бойынша емес, басқа да көптеген іс бойынша жазасын өтеп жатыр. Оған қатысты рейдерлік бойынша арыз берілді. Сонда бәрі дәлелденіп, ол тиісті жазасын алды», – деді продюсер.

Баян Алагөзова зауытты қайтару процесі шамамен бес жылға созылғанын айтты. Оның сөзінше, отбасы мәселені тек заң аясында шешуге тырысқан.

«Біз ешкімнің есігін қаққан жоқпыз, ешкімнен көмек сұрамадық. Тек құқықтық негізде әрекет еттік: аудандық сот, қалалық сот, облыстық сот, республикалық сот өтті. Басқа ешкімге жүгінген жоқпыз», – деді ол.

Қазір Тұрсын Алагөзовтің кәсіпорындағы үлесі 93 пайызды, ал қалған 7 пайызы серіктесіне тиесілі екенін айтты.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2