Журналистің «Тұрсын мырзаның бірінші әйелімен бір дастарқанда отыруыңыз мүмкін бе?» деген сұрағына продюсер мұндай жағдайды жоққа шығармайтынын айтты.
«Ешқашан «ешқашан» демеу керек. Егер барлығы ақылға қонымды, мәдениетті түрде болса, ұрыс-керіссіз, ренішсіз болса, мен мүлдем қарсы емеспін. Болашақта балалардың тойы болады, қуанышты сәттер болады. Балаларды «әкесінікі» немесе «анасыныкі» деп бөлуге болмайды, олар – ортақ балалар. Мен ол кісінің қуанышты сәттерде балаларының жанында болуын және бәріміздің өркениетті түрде араласқанымызды қалаймын», – деді Баян Алагөзова.
Продюсер өткенге өкпе сақтамай, татулықты қалайтынын да атап өтті.
«Өткен күн – сағым. Мен барлық реніштерді ұмытып, босаттым. Мен тек татулық пен достықты қалаймын», – деп түйіндеді ол.