Мәзір
Бүгін, 19:36 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

«Өнер өкілдеріне деген әділетсіз көзқарас»: Баян Алагөзова Аша Матайды қолдады

Танымал продюсер Баян Алагөзова депутаттыққа үміткер болған жиені Аша Матайдың төңірегінде туындаған сын-пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Өнер өкілдеріне деген әділетсіз көзқарас": Баян Алагөзова Аша Матайды қолдады "Өнер өкілдеріне деген әділетсіз көзқарас": Баян Алагөзова Аша Матайды қолдады
Фото: Видеодан скриншот / Instagram.com/asha_matai

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, Аша Матайдың шығармашылық жолына да, танымал болуына да өзінің ешқандай қатысы жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, жиені бүгінгі жетістіктеріне тек өз еңбегімен жеткен.

«Ол танымалдыққа да, халықтың құрметі мен сүйіспеншілігіне де өз күшімен жетті. Егер адам өз саласында осындай биікке көтерілсе, неге ол лайықты депутат бола алмайды?» – деді Баян Алагөзова.

Продюсер сондай-ақ өнер адамдарының саясатқа келуіне қатысты қоғамдағы көзқарасқа тоқталды. Оның пікірінше, заңгерлердің, дәрігерлердің немесе мұғалімдердің депутат болуына күмән келтірілмейді, ал мәдениет саласы өкілдеріне келгенде талап өзгереді.

«Неліктен дәл өнер адамдары заңды біле ме, бюджетті түсіне ме деп сұралады? Басқа мамандық иелеріне мұндай талап қойылмайды. Бұл – өнер өкілдеріне деген әділетсіз көзқарас», – деді ол.

Баян Алагөзова қоғамның өнер адамдарына қатысты көзқарасын қайта қарауға шақырып, кәсіби жетістік пен халықтың сеніміне ие болған азаматтардың мемлекеттік қызметте де елге пайдасын тигізе алатынын меңзеді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2