Мәзір
Бүгін, 15:31 / BuginMedia / Жаңалықтар

19 жастағы Мадинаның өлімі: полиция мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желілерде 19 жасында қайтыс болған Мадина Рашидқызының өліміне қатысты қылмыстық істің тоқтатылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

19 жастағы Мадинаның өлімі: полиция мәлімдеме жасады 19 жастағы Мадинаның өлімі: полиция мәлімдеме жасады
ашық дереккөз

Әлеуметтік желілерде 19 жасында қайтыс болған Мадина Рашидқызының өліміне қатысты қылмыстық істің тоқтатылғаны туралы ақпарат тарады., деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл хабар әлеуметтік желі қолданушыларының алаңдаушылығын туғызды.

«Мадинаның ісі жабылып қалған ба? Резонанс осымен бітті ме сонда?», - деп жазды желі қолданушысы.

Посттың астында көпшілік істің жабылғаны туралы ақпаратқа наразылық білдірген. 

«Қыздар, өмірден өткен адамды уақыт өте көпшілік ұмытып кетуі мүмкін. Ер адам үшін өзіңізге зиян келтіретін шешім қабылдамаңыздар», «Болды ғой енді, әйелін өлтіре салып, артын жауып қоятын айла тапты адамдар. “Асылып қалды” деп айта салады. Көршілеріне де “бізді мақтаңдар” деген болды. Алладан қорқыңдар»,«Ақнәр деген қыздың да осылай делосы жабылып қала салды... Өкінішті. Адамдар айтады, қояды. Кім мықты, сол жеңетін заман болып тұр», «Бұл жерде резонанс жасайтын бауырлары, ата-анасы болмай тұр. Қорықпай, до конца баратын. Оның үстіне, бұл бір күндік процесс емес», «Бұл дүниеде ісі жабылғанмен, арғы дүниеде үлкен сот күтіп тұр» деген секілді пікірлер жазды. 

 Жамбыл облысы полиция департаменті іс жабылмағанын мәлімдеді. 

«Бұл ақпараттың қайдан шыққанын білмейміз. Іс жабылған жоқ, тергеу жалғасып жатыр», – дейді полиция.

Бұған дейін Мадинаның өліміне қатысты қылмыстық іс өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегі бойынша тіркелген болатын. Полицияның мәліметінше, тергеу осы бап бойынша жалғасып жатыр.

Құзырлы орган тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейтінін хабарлады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2