Мәзір

Алматыда ер адамды үйден басына пакет кигізіп алып шыққан 4 адам ұсталды

Алматыда ер адамды үйден басына пакет кигізіп алып шыққан 4 адам ұсталды Алматыда ер адамды үйден басына пакет кигізіп алып шыққан 4 адам ұсталды
Фото: ІІМ

Алматыда 61 жастағы тұрғынды өлтіру дерегі бойынша полиция төрт адамды ұстады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Тергеу барысында қылмыстың мән-жайы, күдіктілердің жеке басы және олардың марқұмның пәтерін заңсыз иемденуге қатысы болуы мүмкін екені анықталды.

"Төрт күдіктінің барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген Алматы полиция департаментінің хабарламасында.

Қылмыстық істі тергеу үшін ІІМ-нің ең тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің жеке бақылауында. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2