Мәзір
Бүгін, 16:53 / BuginMedia / Жаңалықтар

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі қызметінен кетуі мүмкін

Алматы облысының жаңа әкімін тағайындауға келісім беру мәселесі бойынша мәслихат депутаттарының жиналысы өтеді,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі қызметінен кетуі мүмкін Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі қызметінен кетуі мүмкін
ашық дереккөз

Жиын 4 қыркүйекте сағат 10:00-де Қонаев қаласында өтеді. Бұл туралы Алматы облысының әкімдігі хабарлады.

Жиналыс Жамбыл көшесі, 13/1 мекенжайындағы Қонаев қаласының Мәдениет үйінде ұйымдастырылады.

Жиынға облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары қатысады. Депутаттарды тіркеу сағат 09:00-де басталады.

Жиналыс Қазақстан Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығына сәйкес өткізіледі.

Айта кетейік, Алматы облысын 2022 жылғы маусымнан бері Марат Сұлтанғазиев басқарып келеді. 

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2