Мәзір

Алматы облысында мас жүргізуші төрт жасөспірімді қағып кетті

Алматы облысында мас жүргізуші төрт жасөспірімді қағып кетті Алматы облысында мас жүргізуші төрт жасөспірімді қағып кетті
Фото © Tengrinews.kz

Алматы облысының Көксай ауылында мас жүргізуші жол-көлік оқиғасынан кейін көлігін тротуарға шығарып, төрт жасөспірімді қағып кеткен, деп хабарлайды buginmedia.kz.

КТК мәліметінше, жол талғамайтын көлік жүргізушісі кептелісті айналып өтпек болған. Алдымен ол жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Алайда жүргізуші тоқтамай, көлігін тротуарға бағыттаған.

Сол сәтте тротуармен төрт жасөспірім келе жатқан. Олардың екеуі жарақат алып, жеңіл шок алған.

Жол апатынан кейін жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Кейін полиция күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші мас болған. Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2