Мәзір

"Шындық ашылады": Нұрдәулет Қилыбайдан бала тапқан әйел мәлімдеме жасады

"Шындық ашылады": Нұрдәулет Қилыбайдан бала тапқан әйел мәлімдеме жасады "Шындық ашылады": Нұрдәулет Қилыбайдан бала тапқан әйел мәлімдеме жасады
әлеуметтік желі

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдан ұл тудым деп мәлімдеген мәслихаттың бұрынғы депутаты Ынташ Наурызова әкімге қатысты тағы пікір білдірді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Наурызова әлеуметтік желідегі жазбасында облыс әкімінің қазіргі қызметіне қатысты ойын айтып, бірнеше жылдан кейін бұл жағдайға басқаша баға берілетінін мәлімдеді.

«Қазір әкім болған соң бәрі соның сөзін сөйлеп жүр. Бірақ жылдар өткен соң шындық айтылады. Сол кезде оны: некесі бала тудыртып, баласынан безінген әкім деп есіне алатын болады. Әртүрлі жулик қатындарға жем болған слабый әкім дейді. Ешкім оның осы кезге дейін істеген ісін есіне алмайды. Онда тәубесіне келіп, кешірім сұрап, жулик әйелдерден алыс жүруге мүмкіндік болды. Бірақ ол бүгінгі күнмен өмір сүріп жүр», – деді ол.

Айта кетейік, Ынташ Наурызова бұған дейін де Нұрдәулет Қилыбайға қатысты мәлімдемелер жасаған болатын.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2