Мәзір
Бүгін, 13:12 / BuginMedia / Саясат

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде жаңа лауазым енгізілетінін мәлімдеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан сайланған Құрылтайдың алдында Үкіметтің өкілеттігі тоқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде жаңа лауазым енгізілетінін мәлімдеді Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде жаңа лауазым енгізілетінін мәлімдеді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының айтуынша, Құрылтайдың құрылымы толық қалыптасқаннан кейін ол Вице-Президент пен Премьер-Министр қызметіне кандидаттарды депутаттардың қарауына ұсынады.

«Ата заңға сәйкес Үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін тоқтатады. Сондықтан Құрылтайдың құрылымы жасақталған соң мен өздеріңізге Вице-Президенттің және Премьер-Министрдің кандидатуралары бойынша ұсыныс енгіземін. Содан кейін сіздермен ақылдасып, Үкімет мүшелерін тағайындаймын. Сонымен қатар жаңа лауазымды – Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасарын тағайындаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Үкімет пен Құрылтайдың құрамы толық бекітілгеннен кейін Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялайтынын айтты.

Оның сөзінше, Жолдауда айтылған бастамаларды атқарушы және заң шығарушы билік өкілдері бірлесіп, сапалы әрі белгіленген мерзімде жүзеге асыруы қажет.

Тоқаев барлық лауазымды тұлға, әсіресе жаңадан қызметке кірісетін азаматтар ел алдында тұрған ортақ міндеттерді нақты білуі керек екенін атап өтті.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2