Геннадий Зуев кім?
Геннадий Зуев 1982 жылы Ақмола облысында туған. 2003 жылы Астанадағы Қазақстан-Ресей университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2004–2009 жылдары қылмыстық-атқару жүйесінде түрлі, оның ішінде басшылық қызметтер атқарған. 2009–2019 жылдары Премьер-министр кеңсесінің қорғаныс және құқық тәртібі бөліміне қарасты құрылымдарда жұмыс істеген.
2019 жылдың шілдесінен бастап Президент Әкімшілігінде қызмет атқарып, 2022 жылдың қыркүйегінен құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгеруші орынбасары болды.
2026 жылғы 5 қыркүйекте Геннадий Зуев Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен, сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Қауіпсіздік кеңесі аппаратының қазіргі басшылығы
Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшысы болып Мурат Баймұкашев тағайындалды. Ал Нұржан Каджиақбаров аппарат басшысының бірінші орынбасары болды. Руслан Жақсылықов пен Геннадий Зуев аппарат басшысының орынбасарлары қызметіне келді.
Бұған дейін Нұржан Каджиақбаров пен Руслан Жақсылықов басқа қызметтер атқарған және жаңа лауазымдарға тағайындалуына байланысты олар бұрынғы қызметтерінен босатылды. Ал ресми хабарламада Геннадий Зуевтің бұрынғы қызметінен босатылғаны туралы ақпарат жоқ.
Айта кетейік, 31 тамызда Аида Балаева Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.