Мәзір
Бүгін, 10:45 / BuginMedia / Саясат

Тоқаев Балаеваның Қауіпсіздік Кеңесіндегі өкілеттігін айқындады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев Балаеваның Қауіпсіздік Кеңесіндегі өкілеттігін айқындады Тоқаев Балаеваның Қауіпсіздік Кеңесіндегі өкілеттігін айқындады
Фото: Ақорда

Балаева Қауіпсіздік Кеңесінде немен айналысады?

Президент жарлығымен Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалған Балаеваға бірқатар маңызды міндет жүктелді.

Ол Президенттің Қауіпсіздік Кеңесі төрағасы ретінде қабылдаған актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылайды. Сонымен қатар ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс, заңдылық пен құқықтық тәртіп салаларындағы мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіреді.

Балаеваның құзыретіне киберқауіпсіздік, оның ішінде жасанды интеллектіні пайдалану, дербес деректерді қорғау, сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмысқа қарсы күрес, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелері кіреді.

Бұдан бөлек, ол халықаралық байланыстарды жүргізіп, Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының жұмысын үйлестіреді.

Қауіпсіздік Кеңесі немен айналысады?

Жаңа тәртіп бойынша Қауіпсіздік Кеңесі мен оның Аппараты жаһандық қауіп-қатерлерді және елдегі ішкі жағдайды талдайды.

Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты дербес мемлекеттік орган ретінде Президентке тікелей бағынады. Оның негізгі міндеттерінің бірі – ұлттық қауіпсіздікке төнетін тәуекелдерді бақылау, мемлекеттік басқарудың тұрақтылығын қамтамасыз ету және Президент пен Қауіпсіздік Кеңесі қабылдаған шешімдердің орындалуына қолдау көрсету.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің құрылымын қайта ұйымдастырған болатын. 31 тамызда Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметі жойылып, Гизат Нұрдәулетов қызметінен босатылды. Балаева төраға орынбасары болып тағайындалса, Аппарат басшысы қызметіне Мұрат Баймұқашев келді.

Ал Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты 29 тамызда Президент Әкімшілігінің құрамынан шығарылып, дербес мемлекеттік орган ретінде құрылды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2