Қазақстандық блогер Дамеля Sweet-тің тұрмысқа шығуға дайындалып жатқаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Бұған оның құда түсуі мен қыз ұзату рәсімінен түсірілген фотосуреттері себеп болған.
Желі қолданушылары блогердің болашақ жарының есімі Мурат болуы мүмкін деп жазып жатыр. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ. Кей деректерде оның шетелде білім алғаны және кәсіпкердің ұлы екені айтылады.
Соңғы уақытта Дамеля Sweet жеке өмірін көпшілікке көрсетуді азайтқан. Ол әлеуметтік желідегі парақшаларын өшіріп, блог жүргізу форматын не себепті өзгерткенін түсіндірмеген.
Дамеля Sweet кім?
Дамеля Sweet – қазақстандық блогер, кәсіпкер, актриса әрі әнші. Ол 2000 жылы Шымкентте дүниеге келген.
Блогер lifestyle-контенті, сәнді образдары, саяхаттары және қазақ мәдениетіне қатысты жарияланымдарымен танымал болды.
Оның әкесі Нұрлы Бектұрсынов бұған дейін «Қазақтелеком» компаниясында басшылық қызмет атқарып, Оңтүстік Қазақстан облысының телекоммуникациялар дирекциясының бас директоры болған.
Дамеля Sweet бұған дейін танымал блогер Айжан Байзақованың інісімен қарым-қатынаста болған.