Мәзір

Тікелей эфирдегі ойын арқылы 90 млн теңге тапқан блогер сотталды

Тікелей эфирдегі ойын арқылы 90 млн теңге тапқан блогер сотталды Тікелей эфирдегі ойын арқылы 90 млн теңге тапқан блогер сотталды
ашық дереккөз

Ақмола облысында Instagram арқылы ақшаға карта ойынын ұйымдастырған әйел сотталды. Ол заңсыз ойын бизнесінен бір жыл ішінде 90,6 миллион теңгеден астам кіріс тапқан, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Сот материалдарына сәйкес, әйел әлеуметтік желіде арнайы парақша ашып, сол арқылы ойынға қатысушыларды жинаған. Ол карта ойындарын Instagram желісіндегі тікелей эфир арқылы өткізген.

Әр ойынға төрт адамнан қатысқан. Жеңімпаз ең жоғары карта түскен қатысушы болған. Ойыншылардың бір ойынға тіккен ақшасы 100 теңгеден 2 100 теңгеге дейін жеткен.

Ұйымдастырушы қатысушылардан жиналған ақшаның белгілі бір бөлігін өзіне қалдырып отырған.

Тергеу кезінде оның осы қызмет арқылы бір жыл ішінде 90,6 миллион теңгеден астам заңсыз табыс тапқаны анықталды.

Сот әйелді Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша, яғни заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп таныды.

Сот үкімімен оған төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бұдан бөлек, сот прокурордың талап-арызын қанағаттандырып, заңсыз жолмен алынған 90,6 миллион теңгеден астам қаражатты мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешім шығарды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2