Мәзір
Бүгін, 12:16 / BuginMedia / Саясат

Тоқаев бірқатар басшыны қызметінен босатты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бірқатар мемлекеттік қызметші лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тоқаев бірқатар басшыны қызметінен босатты Тоқаев бірқатар басшыны қызметінен босатты
Фото: Ақорда

Атап айтқанда, Сатыбалды Бұршақов Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Дархан Ахмедиев Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан кетті. Ал Абай Алтай Президент Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды.

Сондай-ақ Ербол Адаев Президент Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2