Мәзір
Бүгін, 12:26 / BuginMedia / Саясат

Құрылтайға өткен партиялардың қанша мандат алғаны белгілі болды

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлаудың түпкілікті нәтижесін жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Құрылтайға өткен партиялардың қанша мандат алғаны белгілі болды Құрылтайға өткен партиялардың қанша мандат алғаны белгілі болды
sputnik.kz

Құрылтай сайлауында ең жоғары нәтижені «Әділет» партиясы көрсетті. Партияға 6 528 948 адам, яғни сайлаушылардың 71,17 пайызы дауыс берген. Нәтижесінде партия 110 депутаттық мандатқа ие болды.

Қалған партиялардың көрсеткіші мынадай:

«Ауыл» – 6,26% немесе 574 621 дауыс, 10 мандат;

Respublica – 5,56% немесе 509 631 дауыс, 9 мандат;

«Ақ жол» – 5,21% немесе 478 083 дауыс, 8 мандат;

ЖСДП – 5,11% немесе 469 058 дауыс, 8 мандат;

Қазақстан халық партиясы – 3,11% немесе 285 395 дауыс;

«Байтақ» – 1,07% немесе 97 751 дауыс.

Құрылтайға депутат өткізу үшін партиялар кемінде 5 пайыз дауыс жинауы қажет болды. Осы межеден төмен нәтиже көрсеткен Қазақстан халық партиясы мен «Байтақ» партиясы мандат ала алмады.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің мәліметінше, сайлаушылар тізіміне 12 623 289 адам енгізілген. Оның ішінде 9 351 539 азамат, яғни сайлаушылардың 74,8 пайызы дауыс беруге қатысқан.

Бұл көрсеткіш биыл наурызда өткен Конституцияға қатысты референдуммен салыстырғанда 224 мың адамға жоғары болды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2