Мәзір
Бүгін, 12:31 / BuginMedia / Экономика

Қазақстан Халық Кеңесін құруға 1,7 млрд теңге бөлінеді

2027 жылғы республикалық бюджет жобасында Қазақстан Халық Кеңесін құруға 1,7 млрд теңге қарастырылған. Қаржы Президент бастамаларын жүзеге асыруға арналған резервтен бөлінбек. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Абзал Бейсембекұлы Құрылтай отырысында айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстан Халық Кеңесін құруға 1,7 млрд теңге бөлінеді Қазақстан Халық Кеңесін құруға 1,7 млрд теңге бөлінеді
Коллаж: Kazinform, Chatgpt, freepik

Жалпы келер жылға Президент бастамаларын іске асыруға 4,9 трлн теңге жоспарланған. Оның ішінде 3,3 трлн теңге күштік құрылымдарға, 787 млрд теңге мемлекеттік басқару саласына бағытталмақ.

Осы бастамаларды қаржыландыру үшін 470 млрд теңге резерв қалыптастырылған. Соның ішінде Қазақстан Халық Кеңесін құру шығыны да бар.

Мемлекеттік органдар 2027 жылға 36,9 трлн теңге сұраған. Алайда бюджетке 30,2 трлн теңге ғана енгізіліп, ұсынылған шығыстардың шамамен 6,7 трлн теңгесі қысқартылған.

Вице-министрдің түсіндіруінше, оның 5,1 трлн теңгесі қажетті құжаттармен және есептермен жеткілікті негізделмеген шығыстарға, ал 1,3 трлн теңгесі қаржылық мүмкіндікке байланысты кейінге қалдырылған даму жоспарларына қатысты.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2