Мәзір
Бүгін, 14:45 / BuginMedia / Саясат

«Үкімет отставкаға кетеді»: Тоқаев ауқымды ауыс-түйіс туралы хабарлады

Қазақстанда жаңадан сайланған Құрылтай жұмысын бастағаннан кейін Үкімет өз өкілеттігін тоқтатады. Сонымен қатар Министрлер кабинетінің құрамында бірқатар кадрлық өзгеріс болуы мүмкін. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс бергеннен кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Үкімет отставкаға кетеді»: Тоқаев ауқымды ауыс-түйіс туралы хабарлады «Үкімет отставкаға кетеді»: Тоқаев ауқымды ауыс-түйіс туралы хабарлады
ашық дереккөз

 

Президент қазіргі Үкіметтің жұмысына оң баға берді. Оның сөзінше, атқарушы билік өкілдері өздеріне жүктелген міндеттерді орындау бағытында белсенді жұмыс істеп жатыр. Сондықтан қазіргі таңда Үкіметтің жұмысына қатысты алаңдауға немесе сын айтуға негіз жоқ.

Алайда заң талаптарына сәйкес, Құрылтай сайлауының қорытындысы бойынша Үкімет отставкаға кетеді.

«Әлбетте, Үкімет отставкаға кетеді. Үкімет құрамында бірқатар өзгеріс болады. Ашығын айтқанда, дәл бүгін Үкімет жұмысына алаңдауға немесе оған сын айтуға қандай да бір негіз жоқ», – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев кадрлық ауыс-түйістерді қалыпты әрі жүйелі жұмысқа жаңа серпін беретін процесс деп санайтынын айтты. Оның пікірінше, адамдарды тек қызметтен босату үшін немесе медиадағы ақпараттық резонансқа байланысты ауыстыру дұрыс емес.

«Бірақ кадрлық өзгерістер әрдайым болады. Өйткені бұл Үкіметтің жұмысына қан жүгіртеді. Мәселе біреуді орнынан босатуда емес. Мен жай сылтаумен жұмыстан шығаруға қашанда қарсымын. Әсіресе, қазіргі тілмен айтқанда, медиадағы контент немесе мазмұн үшін ауыс-түйіс жасаудың қажеті жоқ. Кадрлық шешім шын мәнінде жұмысқа тың серпін беруі керек. Бәріміз айтып жүрген жаңғыру үдерісі үздіксіз жүргізілуге тиіс. Өйткені бұл күрделі процесті алға жетелеп отыру қажет», – деп атап өтті Президент.

Мемлекет басшысы елдегі жаңғыру процесін үздіксіз жалғастыру қажеттігін айтып, кадрлық шешімдер осы мақсатқа қызмет етуі тиіс екенін жеткізді.

Президенттің сөзінше, Үкімет елдегі кешенді жаңғыру үдерісін жүзеге асыруда маңызды рөл атқара береді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2