Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында халықты сайлауға қатысуға үндеген бейнероликпен бөліскен. Алайда бұл үндеу кейбір оқырманның наразылығын тудырды.
Желі қолданушылары Аша Матайдың бұған дейін қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты пікір білдірмегенін айтып, бейнежазбаның астына түрлі пікір қалдырған.
"Ой, қойшы өтірік соқпай", "Ұятсыз екен бүкіл халық қарсы", "Аша! осынша халық қарсы болып отырғой жанымау. Қадіріңді түсірме. Сынды көтеріп білу керек. Халық тупой емес", "Намысы жоқ екен мына кісінің", "Депутат емес ведущий болып жүре берсін", "Мына кісиіне айтып жатыр, депутат болу үшін бірінші қазақ тілінен бастау керек шыгар", "Сенімсіз шыққан... Халықтың өмірі – "Қалауым" емес. Мен сізге дауыс бермеймін, болды", "Бұрынғы депутаттар қатырмаған жұмысты сен қалай қатырасың түсінбедім" деген сарында пікірілер жазылған.