Ресми ақпаратқа сүйенсек, бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады және бірнеше өңірде нөсер жаңбыр, қар жауады.
Ақтөбе облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, күндіз шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20, түнде екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 23-28 метрге дейін жетеді.
Павлодар облысының батысында, орталығында тұман түсіп, облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады.
Қызылорда облысының орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Астанада түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Жамбыл облысында түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс, оңтүстікке ауысады, облыстың таулы аудандарында секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, қар жауады. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында тұман түседі. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз күші секундына 15-20, екпіні 23-28 метрге дейін жетеді.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метрге жетеді.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында секундына 15-20 метрге жетеді.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында секундына 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с-ке жетеді.