Мәзір
Бүгін, 09:15 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қазақстанның барлық өңірінде 40 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі

Синоптиктер 3 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялап, Астана, Шымкент және еліміздің барлық 17 өңірінде дауылды ескерту жариялады,  деп хабарлайды Buginmedia.kz.

Қазақстанның барлық өңірінде 40 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі Қазақстанның барлық өңірінде 40 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі
фото: ЖИ

Мамандардың мәліметінше, республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, дауыл тұрып, шаңды дауыл соғады. Желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін жетсе, жекелеген аумақтарда 23–25 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Сонымен қатар бірқатар өңірде аптап ыстық сақталады. Түркістан облысында ауа температурасы 40 градусқа дейін көтерілсе, Жамбыл облысында 38 градусқа дейін ыстық болады. Ал Атырау, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы, Павлодар және Ұлытау облыстарында сынап бағаны 35–39 градусқа дейін көтеріледі.

Синоптиктер Атырау, Түркістан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының тұрғындарын шаңды дауылға байланысты сақ болуға шақырды.

Бұдан бөлек, республиканың көптеген өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Төтенше өрт қаупі Атырау, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Алматы қаласында, сондай-ақ Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Жетісу, Ұлытау, Жамбыл және өзге де өңірлерде жарияланған.

Елордада күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсіп, дауыл соғуы ықтимал. Шымкентте жоғары өрт қаупі сақталады. Ал Алматыда кешкі уақытта жаңбыр мен найзағай күтіледі. Сондай-ақ Іле Алатауының таулы аймақтарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, желдің күшеюі болжанып отыр.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2