Мәзір
Бүгін, 10:38 / BuginMedia / Аймақ

4,7 балл: Алматыда жер сілкінді

Алматылықтар жер сілкінісін сезді, дүмпу Қытай аумағында болды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

4,7 балл: Алматыда жер сілкінді 4,7 балл: Алматыда жер сілкінді
Фото: istockphoto.com

29 шілде күні сағат 11:10 шамасында Алматы қаласының тұрғындары әлсіз жер сілкінісін сезді. Жерасты дүмпуінің ошағы Қытай аумағында тіркелген.

Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу деректеріне сәйкес, Қазақстандағы сейсмикалық станциялар магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісін тіркеген. Алдын ала мәлімет бойынша, дүмпу ошағы Қытай мен Қырғызстан шекарасына жақын аумақта орналасқан.

Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым қашықтықта болған.

Мамандардың бағалауынша, Алматы қаласында жер сілкінісінің күші 2 балл деңгейінде сезілген.

Төтенше жағдайлар министрлігі қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелмегенін хабарлады.

Жер сілкінісін Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) да тіркеді. Ұйымның мәліметінше, дүмпу Қырғызстанның Қаракөл қаласына жақын жерде болған. EMSC жер сілкінісінің магнитудасын 4,6 деп бағалаған.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2