Мәзір
Бүгін, 13:07 / BuginMedia / Аймақ

Шілденің соңғы күндері ауа райы қандай болады?

Қазақстанда 28-30 шілдеде жаңбыр мен аптап ыстық қатар болады,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Шілденің соңғы күндері ауа райы қандай болады? Шілденің соңғы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: kazhydromet.kz

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Ел аумағында найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, жел күшейеді, кей өңірлерде бұршақ түсуі мүмкін. Шығыс Қазақстан облысында нөсер жаңбыр күтіледі.

Ал еліміздің оңтүстігінде Иран аумағынан келетін құрғақ ауа массаларының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Синоптиктердің болжамынша, батыс өңірлерді қоспағанда, республиканың көп бөлігінде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Күндіз солтүстік өңірлерде ауа температурасы +30…+38 градусқа дейін, ал оңтүстікте +33…+44 градусқа дейін ысиды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2