Мәзір
Бүгін, 19:43 / BuginMedia / Жаңалықтар

“Қиналып қалдың-ау”: Бағдагүл емші жалғыз ұлы туралы айтты

Танымал ақтөбелік емші Бағдагүл әлеуметтік желідегі парақшасында жалғыз ұлына арнап әсерлі жазба жариялады,деп хабарлайды buginmedia.kz.

“Қиналып қалдың-ау”: Бағдагүл емші жалғыз ұлы туралы айтты “Қиналып қалдың-ау”: Бағдагүл емші жалғыз ұлы туралы айтты
Фото: видеодан алынды

Емшінің сөзінше, ұлы отбасы басына түскен сынақтарда жақындарына сүйеніш болып, барлық жауапкершілікті өз мойнына алып келеді.

«Бәріміздің көңілімізді табамын деп қиналып қалдың-ау... Мен әкенің бар қиындығын бөліскенім – шын сүйгенім. Шүкір, сен әке-анаңның қолдауын көріп өстің. Бір бауырың тағдырдың ауыр сынағына тап болғанда, оған арқа сүйер аға да, іні де өзің екеніңді ұмытпадың. Алла саған әрдайым жәрдемші болып, осы сынақты жеңіл өткеруге нәсіп етсін. Барлығы қайырлы болсын. Ертең сенің ұлың да саған дәл осылай қорған болып өссін», – деп жазды Бағдагүл.

Жазба әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударып, көпшілік оған және отбасына ізгі тілектерін жолдады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2