Мәзір
Бүгін, 15:33 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

«Өзім жылап қалам»: Жазира Байырбекова ұлы мен келінін бөлек шығару туралы ойын айтты

Танымал әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде оқырмандарымен сыр бөлісіп, жалғыз ұлы мен келінін жеке шаңыраққа шығару мәселесі мазалап жүргенін айтты, деп хабарлайды Buginmedia.kz.

«Өзім жылап қалам»: Жазира Байырбекова ұлы мен келінін бөлек шығару туралы ойын айтты «Өзім жылап қалам»: Жазира Байырбекова ұлы мен келінін бөлек шығару туралы ойын айтты
әлеуметтік желіден

Өнер иесі бұл туралы ойлаған сайын көңілі босап кететінін жасырмады.

«Сепарация сөзінің қазақша баламасы бар ма? Қазбегім мен Асекемді бөлек жіберейік дегенді өзім ойлап, өзімнің көңілім түсіп кетеді. Олардың ойында ондай нәрсе жоқ. Бір ғана ұл болған соң ба, қазақы отбасынан шыққан соң ба, көпшілікке үйренген соң ба, "шығарғанымыз дұрыс-ау" деп ойласам, өзім жылап қалам. Осы жөнінде ойларыңыз қандай?», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары бұл пікірге белсенді түрде үн қатып, өз ойларын ортаға салды.

Оқырмандардың бір бөлігі жалғыз ұлдың ата-анасымен бірге тұрғаны дұрыс деп есептейді.

«Жалғыз ұлды қай атаң бөлек шығарған? Бірге тұрсын, келінді баулу керек», «Үнемі гастрольде, тойларда жүресіздер. Айналдырған екі бала, бірге тұрған дұрыс қой. Дараға да бас-көз болады», «Жалғыз баланы бөлек шығару үлкен қателік болады. Келін ене тәрбиесін көру керек», – деп жазды желі қолданушылары.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2