Оның есімі партия бекіткен 186 кандидаттың тізіміне енгізілді.
Диляра Қайдарова көпшілікке медицина саласының білікті маманы ретінде танымал. Ол – медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі. Әр жылдары Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтын басқарған.
Айта кетейік, Диляра Қайдарованың ұлы Әлішер Қайдаров 2019 жылы продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбекке үйленген. Осылайша белгілі дәрігер Баян Алагөзованың құдағиы атанған.