Өнер иесі журналист Тимур Балымбетовке берген сұхбатында жүктілігі кезінде сәбиінен айырылғанын айтты.
Актрисаның сөзінше, биыл сәуір айында өзінің жүкті екенін білген. Алайда екінші скрининг кезінде дәрігерлер ұрықта бірнеше ақау анықталғанын айтып, жүктілікті тоқтатуға кеңес берген.
«Өзімді қатты кінәладым. Бір нәрсені дұрыс істемедім бе, әлде қателік жібердім бе деп ойладым. Сол сәтте "Осындай күйеуім барына шүкір" дедім. Ол менен кетіп қалады деп қатты қорықтым. Кейін оның да дәл сондай қорқынышты бастан өткергенін білдім», – деді Әсел Сәдуақасова.