Мәзір
Бүгін, 11:31 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қарбыз сатып алуға бола ма? Министрлік қазақстандықтарға кеңес берді

Қазақстанда қарбызды шілденің соңы мен қыркүйек айы аралығында жеген қауіпсіз. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қарбыз сатып алуға бола ма? Министрлік қазақстандықтарға кеңес берді Қарбыз сатып алуға бола ма? Министрлік қазақстандықтарға кеңес берді
Фото Depositphotos.com

Толығырақ

Оның айтуынша, бақша дақылдарын өсірудің бірнеше маусымы бар: үлбірдің астында өсірілетін ерте өнім, орта және кеш пісетін өнім, сондай-ақ жыл бойы шетелден импортталатын қарбыздар.

«Өндіріс тұрғысынан алғанда, ең қауіпсіз кезең – шілденің соңы мен қыркүйек аралығы. Бұл уақытта қарбыздар тыңайтқыштар мен түрлі өсу стимуляторларын қолданбай табиғи жолмен піседі. Сондықтан әзірге, әсіресе балаларға, қарбыз жеуден уақытша бас тартуға кеңес беремін. Бұл – менің сарапшы ретіндегі пікірім», – деді Азат Сұлтанов.

Вице-министрдің сөзінше, шетелден әкелінетін барлық жеміс-көкөніс өнімі фитосанитарлық бақылаудан өтіп, зиянкестер мен аурулардың жоқтығына тексеріледі.

Алайда өнім құрамындағы химиялық заттардың шамадан тыс қолданылуы мен олардың қалдық мөлшеріне қатысты бақылауды санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүзеге асырады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2