Иранның Жоғары біріккен әскери қолбасшылығы елдің АҚШ-тың Ормуз бұғазын басқаруға араласуына жол бермейтінін мәлімдеді. Тиісті мәлімдемені Иран әскери күштері таратты.
«АҚШ-тың Иранның рұқсатынсыз Ормуз бұғазы арқылы өтуге бағытталған кез келген әрекеті қатаң қарсылыққа тап болады», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ қолбасшылық өңір елдерінің басшылығына үндеу жасап, АҚШ-пен кез келген ынтымақтастық Иранға қарсы соғыс әрекеті ретінде бағаланатынын мәлімдеді.
Иран тарапы қақтығыс ауқымы кеңейген жағдайда оның салдары Таяу Шығыстағы барлық мемлекетке әсер ететінін ескертті. Мәлімдемеде мұндай жағдайдың жауапкершілігі АҚШ пен оның одақтастарына жүктелетіні айтылған.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ Ормуз бұғазын бақылауға алып, басқа елдерден оны пайдаланғаны үшін ақы алатынын мәлімдеген болатын.