Мәзір
Бүгін, 09:31 / BuginMedia / Жаңалықтар

Instagram-да 150 мың оқырманы бар шымкенттік блогер ұсталды

Шымкентте әлеуметтік желілерде АСКО лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев сыбайластарымен бірге ұсталды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Instagram-да 150 мың оқырманы бар шымкенттік блогер ұсталды Instagram-да 150 мың оқырманы бар шымкенттік блогер ұсталды
Фото: Kozachkov Offside

Толығырақ

ІІМ хабарлауынша, блогер тағы үш адаммен бірге кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлерден ақша бопсалады деген күдікке ілінген.

Жедел іс-шаралар барысында Instagram желісінде 150 мыңға жуық оқырманы бар жергілікті блогердің үш сыбайласымен бірге кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді әдейі бейнетаспаға түсіріп жүргені анықталды.

"Олар қызметтік міндеттерін атқару барысында болды деп болжанған тәртіп бұзушылықтарды, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке қатысты болуы мүмкін заң бұзушылықтарды сылтау етіп, түрлі бейнематериалдар жинаған. Кейін сол бейнежазбаларды әлеуметтік желіге жарияламау үшін азаматтардан ақша талап еткен. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Асқат Балқыбаев – әлеуметтік желі қолданушыларына АСКО лақап атымен кеңінен танымал шымкенттік блогер.

Ол құқық қорғау органдары қызметкерлері мен мемлекеттік мекемелер өкілдерінің қатысуымен болған түрлі оқиғаларды видеоға түсіріп, оларды әлеуметтік желілерде жариялау арқылы танылды. Сонымен қатар блогер мемлекеттік қызметкерлердің жұмысы барысында заң талаптары бұзылды деп санаған жағдайларды тұрақты түрде көтеріп, өз парақшаларында жариялап келген.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2